TOO "Silk Road Corporation Бизнес академия Дара мектеп лицейі"
ЖШС "Silk Road Corporation Бизнес академия Дара мектеп лицейі"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Silk-Road corporation» ЖШС Бизнес-академия«Дара» мектеп-лицейі.

Заңды мекенжайы: Қосшы қаласы, Ә. Жангельдина көш., 16, телефон нөмірлері: 8 (702) 954-09-00, электрондық мекенжайы: mektepdara@mail.kz

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

Қосшы қаласының Бизнес-академия«Дара» мектеп-лицейінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы Қосшы қаласының Бизнес-академия«Дара» мектеп-лицейі 278 қызмет көрсетті;

ХҚКО арқылы- 1, ЭҮП – 267,  және мемлекеттік орган арқылы - 0. көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 3 қызмет.

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) ) – 7 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2022 жылы Қосшы қаласының Бизнес-академия«Дара» мектеп-лицейі, 305 қызмет көрсетті; олардың ХҚКО арқылы-0, ЭҮП – 150  және мемлекеттік орган арқылы – 155  қызмет.

 

 

 

 

 

1.Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2.Білім саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

2023 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"-118, "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" – 1.

         2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат мектептін  ......... ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Бизнес-академия«Дара» мектеп-лицейі Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 1 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

1) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 01.04.2024 15:39
Құрылған күні: 01.04.2024 15:54

Текст